Жарияланды: 30

Ер адам әйелімен жанжалдан кейін 8 айлық қызын бауыздап өлтірді

Ер адам әйелімен жанжалдан кейін 8 айлық қызын бауыздап өлтірді

Ресейдің Ставрополь өлкесінің Грачевск ауданындағы Бешпағыр ауылында қайғылы оқиға орын алды.

Жергілікті тұрғын әйелімен жанжалдан кейін, ашулы күйде қолына пышақ алып, 8 айлық қызына бірнеше рет сұғып алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өкінішке орай, пышақжарақатын алған емшектегі бала сол жерде қайтыс болып кетті. Ал, ер адам туған қызын бауыздап өлтіргеннен кейін өзіне қол салмақ болды. Дегенмен, полиция дер кезінде жетіп, оны ұстап, алғашқы көмек көрсету үшін медициналық мекемеге апарды.

Енді, күдіктіні сот күтіп тұр. Ол Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы «кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша айыпталуда. Қолданыстағы заңға сәйкес, ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін