Ер адам азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан 9 жыл бойы көсеумен ұрып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ер адам азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан 9 жыл бойы көсеумен ұрып келген

Ер адам азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан 9 жыл бойы көсеумен ұрып келген

Ер адам азаматтық некедегі әйеліне 9 жыл бойы күн көрсетпей, қызғаныштан көсеумен ұрып келген.

  • 8 Қазан 2020
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл сұмдық оқиға Ақмола облысында болған. 40-тағы "тиран" 28 жастағы келіншегіне ащы суды ұрттап алғанда үнемі мазақ етіп, қол жұмсайды екен. Қызғанып, қорлауының себебі де жас айырмашылығы болыпты. Ақырында, соққыдан шаршаған әйел  әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығынан көмек сұрауға мәжбүр болды.  

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

АЯКӨЗ  ЖӘБІРЛЕНУШІ:
«Менің денемнің бәрі көкала қойдай болды. Бетімнен басқа денемнің сау тамтығы қалмады. Ол бетімнен ұрмайды, өйткені көрініп қалатынын біледі. Ары қарай оның таяғына төзе алмадым, бұдан былай мұндай жағдайда бола алмадым. Балаларымның менің күнде таяқ жеп жатқанымды көргенін қаламадым».

Полиция қызметкерлері ер адамға бар болғаны ескертпе жасады, ал жәбірленуші келіншек сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп жүр. Араздасқан отбасы 8 жастағы ұл мен 3 жасар қыз баланы тәрбиелеп отыр екен. Әзірге балалар анасымен қолдау орталығында.  


ЖАННА АНАПИНА – ПСИХОЛОГ:
«Олар біздің орталықта жарты жыл бойы тегін және қосымша заңгер, психолог сынды мамандардан кеңестер мен көмек алады. Мен бұл ең қорқынышты, ең жантүршігерлік жағдай деп санаймын. Өйткені біз мұндай  ұрып-соғуды, мұндай көгергенді бұрын көрмегенбіз».

Соңғы жаңалықтар