Жарияланды: 30

Ер адам көлік нөмірінің арқасында мол олжаға кенелді

Ер адам көлік нөмірінің арқасында мол олжаға кенелді Сурет - Trend.az

АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Хеброн қаласының тұрғыны көлік нөмірінің арқасында мыңдаған доллар ұтып алды, деп хабарлайды UPI ақпарат порталы.

Өткен жылдың желтоқсан айында Джеффри Уорд дүкенге бара жатып, 2137 нөмірі бар көлікті көрген. Ол дәл осындай сандары бар лотерея алуды шешкен. Барлығы 10 билет алыпты.

Нәтижесінде Уордтың әрбір билеті ұтысқа ие болды. Ақшалай сыйлықтың жалпы сомасы - 50 мың доллар (18 миллион теңгеден астам). Жеңімпаз 10 мың долларды қызына сыйлады. Ал қалған ақшаны сақтап қоюды жөн көрген.  

Айта кетсек, өткен жылдың қазан айында қазақстандық Хуссейн Еремешев Dubai Duty Free дүкені өткізген лотереядан бір миллион доллар ұтып алған болатын. 

Еремешев 313-ші сериядағы 3 614 нөмірлі билетті дүкеннің сайтынан сатып алған. Билеттің құны – 272 доллар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін