Жарияланды: 270

Ер адам ұрлық жасаған жерінде мас болып ұйықтап қалған

Ер адам ұрлық жасаған жерінде мас болып ұйықтап қалған

Арменияның астанасында ер адам мейрамханадан бірнеше қымбат коньяк пен арақ ұрлаған. Кейін сол жерде мас болып, ұйықтап қалған.

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ереванда ұрлықшы мейрамханадан алкогольді ішімдіктер ұрлап, кейін мас күйінде сол жерде ұйықтап қалған.

Қаңтар айының соңында полицияға мейрамханадан ұрлықшы туралы хабар келіп түседі. Кейін тәртіп сақшылары оқиға болған жерге барып, ішімдікке мас болып ұйықтап жатқан ер адамды көреді.

Полицияның мәліметінше, 40 жастағы ұрлықшы мейрамхананың есігін бұзып кіріп, сейфтен 25 жыл сақталған 5 Наири коньягін, Absolute арағын және 10 үш литрлік банкіге құйылған компотты ұрлайды. Ер адам ұрлаған заттарын сыртқа алып шықпастан, сол жерде ішімдік ішкен. Күдікті «алкогольді интоксикация» диагнозымен ауруханаға жеткізілді, кейін ол полиция бөлімшесіне қайтарылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін