"Ер адам жетістікке жеткен әйелден жан тыныштығын іздейді": Шахизаданың 18 жас кіші төртінші күйеуі қызу талқыға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ер адам жетістікке жеткен әйелден жан тыныштығын іздейді": Шахизаданың 18 жас кіші төртінші күйеуі қызу талқыға түсті

"Ер адам жетістікке жеткен әйелден жан тыныштығын іздейді": Шахизаданың 18 жас кіші төртінші күйеуі қызу талқыға түсті

Әнші Шахизада төртінші күйеуі жайлы бар шындықты айтты. 

  • 27 Наурыз 2023
  • 1313
Фото - Caravan.kz

18 жас кіші күйеу әншіден жан тыныштығын іздеп үйленген бе, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

"Қыздар-ай" бағдарламасында әнші Шахизада бар құпиясын ақтарды. 

Бағдарлама барысында психолог мұндай некенің не себепті болатынын талдап, талқылады. 

— Өмірде жетістікке жеткен әйел адамдарға жас жігіттер бәріне ғашық болады. Оны ел не дейді дегенмен, сыртқа айтпауы мүмкін, құпия сақтауы мүмкін. Бірақ ер азаматтарға не керек жетістікке жеткен адамдардан. Тыныштық керек. Ал, жас қыздар миын жей береді. Ал, жігіттердің онсызда тик-токтан шықпай отырып, миы ашып кеткен. Сөйтіп, миы ашып кеткен жігіттер өзінен үлкен ақыл тоқтатқан әйел адамдарға келіп, еркектерге тыныштық керек, гармония керек, дейді психолог үлкен әйелдерге үйленетін жас жігіттер туралы. 

 

"Ерболат көптен бері сахнада жүрген әнші. Басында әпке-бауыр болып араласып жүрдік. Сосын жүрегінің бірдеңесі шым ете қалды, не істеймін енді? Арамыз 18 жас. "Махаббат жасқа қарамайды", "жүрекке әмір жүрмейді" деген бекер айтылмаған. Жақсы көретін адамың болса түсінікпен қарау керек. Әрине ішім жылайды, бірақ мен оны сыртқа көрсетпеймін. Мен тек ән арқылы жіберемін", — деп төртінші күйеуі жайлы айтып берді. 


Соңғы жаңалықтар