Ерболат Беделхан қыздар тобын құрғалы жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерболат Беделхан қыздар тобын құрғалы жатыр

Ерболат Беделхан қыздар тобын құрғалы жатыр

Танымал продюсер Ерболат Беделхан қыздар тобына іріктеу өткізеді.

  • 26 Ақпан 2018
  • 193
Фото - Caravan.kz

Танымал продюсер Ерболат Беделхан K-pop жанрындағы қыздар тобына іріктеу өткізеді. Бұл туралы "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көктемгі маусымның таныстырылымында айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Танымал продюсер Ерболат Беделханмен жаңа жоба жасап жатырмыз. Көктемгі маусымда ұсынамыз. Ерболат Беделхан бұл бағдарламада K-pop жанрындағы топқа қыздар арасында іріктеу өткізеді", – деді "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин. 

Осыдан екі жарым жыл бұрын Ерболат Беделхан "Ninety one" тобын таныстырғанда қоғамда пікірлер қақтығысы орын алған еді. Бір жақ "жігіттерге боянып, сырға таққан сын" деген пікір айтып, әлі күнге дейін ұнатпаса, екінші жақ топтың жанкүйеріне айналып үлгерді. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде "Qazaqstan" арнасының көктемгі маусымының таныстырылымы өтті. Осы кездесуде "Түнгі студия" бағдарламасының жаңа жүргізушісі 
белгілі болды

Соңғы жаңалықтар