Жарияланды: 600

Ерболат Беделханның жары белгілі әнші Асыл христиан дінін ұстанған болып шықты

Ерболат Беделханның жары белгілі әнші Асыл  христиан дінін ұстанған болып шықты   Сурет - Alashainasy.kz

Танымал продюсер Ерболат Беделханның әйелі Асыл бір кездері шоқынып, христиан дінін қабылдағанын айтты.

Әнші бұл туралы өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Ол 1990 жылдары белгілі себептермен анасымен және сіңілісімен ғана қалып, ауыр сәттерді бастан өткеріпті. Ақыры Қарағанды қаласынан Сәтпаев қаласына көшуге мәжбүр болған. Әнші анасы қиналған кездерін байқатқысы келмесе де оңай болмағанын жазыпты.

«Бірде анам ауыр күйзелістен арылу үшін серуендеп жүріп, көшеде үлкен шіркеуді көріп қалды. Оның айтуынша, ондағылар үнемі бір-біріне күлімсіреп қарап, мейірімділік танытыпты. Көп ұзамай анам өзін сол жерден тауып, артынан біз де ілесіп бардық. Шын мәнінде ол жерде маған бәрі ұнады. Шіркеудегі билер, әндер маған өзгеше әсер етті. Кейін мен де сол шіркеуде шоқындым»

Кейін дайындықтардың бірінде Ерболаттың достарының бірі Асылдың христиан дінінің өкілі екенін сезіп қойыпты. Ерболатқа бар шындықты айтып қоймақшы болып қорқытты,- деп жазды продюсер.

Ал бұл жағайды білген Ерболат "Жүр, дайындаламыз" дегенен басқа ештеңе дей қоймапты.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін