Ердоған COVID-19-ға қарсы қытайлық вакцинаны салдыртты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ердоған COVID-19-ға қарсы қытайлық вакцинаны салдыртты

Ердоған COVID-19-ға қарсы қытайлық вакцинаны салдыртты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Анкара қалалық ауруханасында өтті.

  • 15 Қаңтар 2021
  • 73
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Ердоған қытайлық Sinovac өндіруші шығарған CoronaVac вакцинасының алғашқы дозасын алды. Бұған дейін вакцинаны Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кодже алған болатын.

Мен де вакцина алдым, — деп мәлімдеді түрік басшысы өзінің Telegram каналында.

Ердоғанға вакцина Анкара қалалық ауруханасында салынды. Екінші дозаны 28 күннен кейін алады.

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар агенттігі Sinovac Biotech компаниясының CoronaVac вакцинасын қолдануға 13 қаңтарда рұқсат берген еді.


Сол күні Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа алғашқы вакцинаны алды.

14 қаңтарда медициналық қызметкерлерге вакцинациялау шаралары ресми түрде басталды.

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, егу басталғаннан бері 252 438 адам коронавирусқа қарсы вакцинациядан өткен.

Соңғы жаңалықтар