Ердоған түрік әйелдерін үш баладан кем тумауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ердоған түрік әйелдерін үш баладан кем тумауға шақырды

Ердоған түрік әйелдерін үш баладан кем тумауға шақырды

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Ол сондай-ақ, мансап қуған әйелдерді де қолдайтынын, бірақ қызмет бала тууға кедергісін келтірмеу қажеттігін айтып өтті. Ердоғанның сөзінше, әйелдер ана болудан бас тарту арқылы, адам?

  • 6 Маусым 2016
  • 464
Фото - Caravan.kz

Ол сондай-ақ, мансап қуған әйелдерді де қолдайтынын, бірақ қызмет бала тууға кедергісін келтірмеу қажеттігін айтып өтті. Ердоғанның сөзінше, әйелдер ана болудан бас тарту арқылы, адамзатқа төнетін қауіпті күшейте түседі.

“Мен бала тумаймын, өйткені жұмыс істеп жүрмін” дейтін әйелдер, шын мәнінде өзінің әйелге тән қасиетін жоғалтады”, – дейді Ердоған.

Бұған дейін осы аптада Түркия президенті отбасыны алдын-ала жоспарлау мұсылман отбасына тән еместігін айтқан.


“Ашық түрде айтамын: біз бала туу көрсеткішінің көбейгенін, халық санының артқанын қалаймыз. Мұсылман отбасы – алдын-ала жоспар жасап, тууды бақылауға алуға тиісті емес”, – деді президент. Ол сондай-ақ, түсік тастауға да қарсылық көрсетуге шақырды.

Ердоғанның өзінің төрт баласы бар. Өткен жылы Түркия халқының саны 78,7 млн адамға дейін көбейді. Ал 2000 жылы халық саны 68 миллионнан төмен болған.

Соңғы жаңалықтар