ERG Жәйрем тау-кен байыту комбинатының сатылуы туралы ақпаратты жоққа шығаруда - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ERG Жәйрем тау-кен байыту комбинатының сатылуы туралы ақпаратты жоққа шығаруда

ERG Жәйрем тау-кен байыту комбинатының сатылуы туралы ақпаратты жоққа шығаруда

Eurasian Resources Group (Еуразиялық топ) жекелеген БАҚ-да жария етілген Жәйрем тау-кен байыту комбинатының сатылуы туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр.

  • 21 Тамыз 2014
  • 1015
Фото - Caravan.kz

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және интернетте ERG Жәйрем тау-кен байыту комбинатын сатты, деген ақпарат жария етілген. Онда сатып алушы, мәміленің жасалу уақыты, басқа да жәйттері жазылған".

"ERG қазақстандық офисінің корпортивті коммуникациялар департаменті ресми түрде Жәйрем тау-кен байыту комбинатының сатылуы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын мәлімдейді", делінген ERG хабарламасында.

Қазіргі уақытта ERG аталған активті сатып алу туралы әлуетті сатып алушылардың әр түрлі ұсыныстарын қарастырып отыр, делінген онда.