Ерке Есмахан: Жеткен жетістіктерім бар шығар, бірақ іштей қарапайым ауылдың қызымын - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерке Есмахан: Жеткен жетістіктерім бар шығар, бірақ іштей қарапайым ауылдың қызымын

Ерке Есмахан: Жеткен жетістіктерім бар шығар, бірақ іштей қарапайым ауылдың қызымын

Ерке Есмахан Instagram оқырмандарымен ашық сұхбат ұйымдастырды. Ол қандай жігіттерді ұнататынын, үнемі көңілді жүруінің сырын ашты. Одан бөлек, танымал орыс тілді әншімен дуэт жазу жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 5 Тамыз 2022
  • 181
Фото - Caravan.kz

Әнші "қандай жігіттер ұнайды?" деген сауалға:

"Ең көп қойылатын сұрақтардың бірі. Мен сүйгенде бақытты болатын жігіт ұнайды", — деп жауап берді.

Одан бөлек, үнемі көңілді жүруінің сырын ашты.

"Сыры қанған ұйқыда. Менің ұйқым түгел болса жұмысты қатырып жасаймын, көңілді жүремін, барлық шаруаны шешіп қоямын. Ал егер ұйқым дұрыс болмаса бәрі бекер. Ол кезде маған жоламау керек", — деді Ерке.

Ол еріншек екенін мойындап, сол себепті тұрақты түрде спортпен шұғылдана алмайтынын жеткізді. Ал "өзіңізді қарапайым адамдар қатарына жатқызасыз ба?" деген сауалға:


"Жеткен жетістіктерім бар шығар, айналам өзгерген де шығар. Бірақ іштей мен сол жай ғана қарапайым ауылдың қызымын", — деді әртіс.

Соңғы жаңалықтар