Жарияланды: 740

Еркіндікті мораль тұрғысынан тежемеу әділетсіздік пен тұрақсыздыққа апарып соғады - Д.Назарбаева

Еркіндікті мораль тұрғысынан тежемеу әділетсіздік пен тұрақсыздыққа апарып соғады - Д.Назарбаева

Еркіндікті мораль тұрғысынан тежемеу әділетсіздік пен тұрақсыздыққа апарып соғады. Бұл туралы бүгін, 22-сәуірде Алматыда үшінші Еуразиялық МедиаФорумның ашылуында сөз сөйлеген Еуразиялық МедиаФорумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Д.Назарбаева бұл жерде Бернард Шоудың "еркіндік - бұл жауапкершілік" деген қанатты сөзін мысалға келтірді. "Еркіндіктен бәрінің қорқатын себебі де осыда болса керек. Біз еркіндіктен қорқуға тиіс емеспіз, біз тек мораль, адамгершілік және этикалық принциптерді ғана басшылыққа алуға тиіспіз",- деді Д.Назарбаева. БАҚ-тардың тәуелсіздігі мен олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі тақырыбы Форумда талқыланатын айрықша маңызды тақырыптардың бірі болмақ. "Форумға қазіргі заманның ең өткір проблемаларының мәнін түсініп, байыбына баруды мақсат етіп қойған адамдар жиналып отыр. Жарты ғасырға жуық созылған соғыстан кейінгі тарихи кезең мәреге тақап қалған сынды, деген болжам айтты Д.Назарбаева. Барлық нышан-белгілеріне қарап отырсақ, біздің цивилизация тарихи турбуленттілік аймағына түсіп кеткендей. Осыдан төрт жыл бұрын 20-шы ғасырмен қоштасқан кезде интернет, генетикалық клондау және планетааралық ұшулар ғасырында орта ғасырға тән рақымсыздық, айуандық пен тағылыққа тап келеміз деп ойламаған едік, деді ол. "Алайда оқиғаның осылайша өрбитінін бағамдай алмаған біз олардың трагедиялық заңдылықтарының байыбына барудың орнына халықаралық лаңкестік немесе өркениеттер қақтығысы деген атауларды ойлап тауып қарап отырдық. Бұл сөздер құбылыстардың табиғатын емес, тек сыртқы нышан-белгілерін ғана суреттейтінін ұғына алмадық",- деді Д.Назарбаева. Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Форумға қатысушылар аталмыш тақырыптарды талқылай отырып оны шешуге де үлес қосады дегенге сенім білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін