Ерлан Көкеев Bek Air компаниясымен соттаспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Көкеев Bek Air компаниясымен соттаспақ

Ерлан Көкеев Bek Air компаниясымен соттаспақ

Ерлан Алматыға ұшып келген соң әуежайдан музыкалық аспаптарын адам шошырлық күйде көрген.

  • 15 Қаңтар 2018
  • 130
Фото - Caravan.kz

 

Музыкант Ерлан Көкеев Bek Air әуекомпаниясымен соттаспақ, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы әртіс өзінің Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

Ерлан Алматыға ұшып келген соң әуежайдан музыкалық аспаптарын адам шошырлық күйде көрген. 

"Аспаптарымызды мынадай күйде алдық. 25 жылдық гастрольдік өмірімізде алғаш рет аспаптарымызды осындай күйде алып отырмыз. Аспаптар қарапайым емес, қымбат тұрады. "Абайлаңыз, әйнек!" деген жазуы да бар. Соған қарамастан осындай күйде болатынын ескертпеді де, кешірім де сұрамады! Әуежайда Bek Air компаниясының өкілі келсін деп талап еттік. Кеңсесіне бардық, бірақ күзетші бүгін демалыс болғандықтан ешкім жоқ екенін айтты", — деп жазды Ерлан Көкеев. 

Музыкант заңгердің көмегіне жүгініп үлгерген. 


"Адвокатпен кеңесіп отырып, полиция мен әуежайдың қауіпсіздік қызметінің өкілін шақырттық. Аталған деректі құжат арқылы бекіттік, суретті де тіркедік. Енді Bek Air компаниясын материалды және моральды шығын үшін сотқа бермекпіз", — деді ол. 

Соңғы жаңалықтар