Ерлан Қиясов Қазақстанның бас санитария дәрігері қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Қиясов Қазақстанның бас санитария дәрігері қызметінен босатылды

Ерлан Қиясов Қазақстанның бас санитария дәрігері қызметінен босатылды

Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінен босатылды.

  • 27 Қаңтар 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

Ол бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы жедел жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары — Алматы әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитария дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында — санитариялық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитария дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры және басшының орынбасары қызметтерін атқарды


Соңғы жаңалықтар