Ерлан Сағадиев гранттан қағылған талапкерлердің мәселесін шешіп беруге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Сағадиев гранттан қағылған талапкерлердің мәселесін шешіп беруге уәде берді

Ерлан Сағадиев гранттан қағылған талапкерлердің мәселесін шешіп беруге уәде берді

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мемлекеттік гранттарды бөлу нәтижесіне көңілі толмаған талапкерлермен және олардың ата-аналарымен кездесті деп мәлімдеді Хабар-24. Наразы топ министрлік ғимаратының алдында акция ұйымдастырған болатын.

  • 13 Тамыз 2017
  • 621
Фото - Caravan.kz

Министр жастардың талаптарын тыңдап болған соң әрбірінің шағымын жеке қарап шығуға уәде берді.

— Біз барлық арыз-шағымды жеке-жеке қарап, «Алтын белгі» иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз. Олардың барлығы жоғарғы оқу орындарындағы резервпен қаржыландырылады. Бірақ шағымданушылардың барлығын бірдей грантпен қамтимыз деп айта алмаймыз. Дегенмен, барынша жоғарғы оқу орындарының ректорларымен келісім жасауға тырысамыз, — деді Сағадиев.

Айта кетейік, 11 тамыздан бері мемлекеттік гранттарды бөлу нәтижесіне көңілі толмаған талапкерлер мен ата-аналар БҒМ ғимаратының алдын торуылдаумен болды. Олар ЖОО гранттарының әділ бөлінбегенін айтуда. Тіпті, шектік балл жинай алмаған талапкерлердің өздері грант иемденіп кетті дейді олар. Сондай-ақ, осыдан бірер ай бұрын Сағадиевтің өзі биылдан бастап «Алтын белгі» иегерлеріне ешқандай артықшылықтардың берілмейтін айтқан болатын. Алайда, министрдің бұл сөзі де жалған боп шықты дейді наразы топ. Салдарынан 120 балл және одан жоғары жинаған білімді түлектер гранттан қағылған.

Ал, БҒМ өкілдері болса «Алтын белгі» иегерлеріне биылдан емес, келесі жылдан бастап ешқандай басымдықтың берілмейтінін айтып отыр. Алайда, бұл сөзге қаншалықты сенуге болатынын уақыт көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар