Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды

Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды

 

  • 12 Ақпан 2019
  • 60
Фото - Caravan.kz


Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. "Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын", — делінген Елбасының жарлығында.

Бұл қызметке ол Қалмұхамбет Қасымовтың орнына келіп отыр. Осыған дейін, Тұрғымбаев ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметінде болған (2012 жыл). Ерлан Тұрғымбаев Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында туған. Білімі бойынша заңгер, ішкі істер органдарында қызметін 1984 жылы бастаған. Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ІІБ ЖҚБ бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді. 1986 жылдан 2002 жылға дейін Алатау және Калинин АІІБ-нің тергеу-жедел бөлімшелерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ІІББ-да әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2002 жылдың ақпан айынан қыркүйек айына дейін ҚР ІІМ тоғызыншы департаментінің бастығы. 2002 жылдың қыркүйек айынан 2003 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы. 2003 жылдың сәуірінен 2006 жылдың мамырына дейін Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басқарма бастығы, бастығы. 2006 жылдың мамыр айынан 2006 жылдың шілде айына дейін ҚР ІІМ Тергеу комитетінің бастығы. 2006 жылдың шілдесінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін-Алматы ішкі істер департаментінің бастығы. 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі істер министрінің орынбасары болды. ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, І дәрежелі "Қайсар" белгісімен, ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, сондай-ақ ІІМ мен ІІД құрмет грамоталарымен марапатталған.
 

Соңғы жаңалықтар