Ерлан Жайлаубай Алматы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Жайлаубай Алматы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды

Ерлан Жайлаубай Алматы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды

Алматы қаласы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Ерлан Жайлаубай қала әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды. 

  • 22 Ақпан 2016
  • 535
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ерлан Жайлаубай Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің (экономист) және Монтерей халықаралық зерттеу институтының (халықаралық менеджментте мемлекеттік басқару магистры) түлегі.  

2005-2006 жылдары мемлекеттік емес салада жұмыстар атқарған.

2009-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы, инспекторы және консультанты қызметін атқарды. 

2013 жылы Қазастан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі болып, ал 2015 жылы «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Стратегия және басымды жобалар департаментінің директоры  болды.