Полицейлер ерлі-зайыпты ұйымдастырған жезөкшелер үйін анықтады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, жезөкшелер үйін ашқан жеті адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленген.
"Ерлі-зайыпты табыс табу мақсатында қонақ үй кешенін жалға алып, ол жерде жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылар әкімші, такси қызметіне жақын туыстарын тартқан", — деді Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифинг барысында.
Интимдік қызмет көрсеткен қыздар таныстары арқылы жұмысқа алынған. Олар келісім шарт бойынша қонақүйде тұрып, 50 де 50 бойынша жұмыс істеген.