Ермегияев пен Ахметов абақтыда жұмыспен қамтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ермегияев пен Ахметов абақтыда жұмыспен қамтылды

Ермегияев пен Ахметов абақтыда жұмыспен қамтылды

Талғат Ермегияев пен Серік Ахметов абақтыда жұмыспен қамтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Редакцияның ҚР ІІД-н

  • 24 Қазан 2016
  • 496
Фото - Caravan.kz

Талғат Ермегияев пен Серік Ахметов абақтыда жұмыспен қамтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияның ҚР ІІД-не жолдаған сауалына берген жауабында Талғат Ермегияев пен Серік Ахметов түзету мекемелерінде жұмыспен қамтылғаны мәлімделген. 

"Сотталған Талғат Ермегияев пен Серік Ахметов қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған. Айлық жалақысы жұмыс істегеніне байланысты беріледі. Сотталған Қайрат Жамалиев қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған жоқ. Жоғарыда айтылған сотталушылар өздерін жақсы жағынан көрсеткен. Осы мекемеде ұйымдастырылатын жалпы мәдени шараларға қатысып тұрады", — деді ҚР ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Еске салайық, экс-премьер Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді, сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленген.


Ал Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Ермегияевтен жалпы Алматыдағы пәтері, Астана мен Алматыдағы жер учаскелері, бірнеше банктегі қаражат, бірнеше ЖШС-дағы үлесі және көліктері тәркіленген еді. Ал таяуда оның жазасын Астанадағы қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатқаны хабарланды.