Ернар Айдар: Ел мен Ернардың ортасындағы мықты да мөлдір махаббатты ешкім жоя алмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ернар Айдар: Ел мен Ернардың ортасындағы мықты да мөлдір махаббатты ешкім жоя алмайды

Ернар Айдар: Ел мен Ернардың ортасындағы мықты да мөлдір махаббатты ешкім жоя алмайды

Әнші Ернар Айдар өзіне сеніп, өзін түсінген тыңдармандарына алғыс айтты.

  • 21 Шiлде 2020
  • 424
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен үшін.
Мен сүйетін, мені сүйетін халқымның ықыласы мен, берген ақ батасынан асқан байлық та, атақ та жоқ.
Ел мен Ернардың ортасына іріткі салып, жаман сөздер жазатын санаулы жандарға айтарым, мен сіздерді жек көрмеймін баршаңызға жақсылық тіледім.
Біреудің астындағы тақ пен талассаң да, басындағы бақ пен таласа алмайсың, Алланың әр пендесіне бөліп берген несібесі бар, соған шүкір етіп, мақсатына жету үшін өзгені аңдымай, өз кемшілігің мен күресіп аянбай еңбектену керек деп ойлаймын.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Алланың қалауынсыз Ел мен Ернардың ортасындағы мықты да мөлдір махаббатты ешкім жоя алмайды
Қандай жағдай болса да, мені түсініп, маған сеніп, қолдау көрсетіп келе жатқан жанкүйерлеріме, халқыма мың алғыс, мен сіздер мен Ернар Айдармын", — деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдар карантин кезінде ұтыс ойынын ойнатқаны үшін қамауға алынған болатын. 


Соңғы жаңалықтар