Жарияланды: 60

Ернар Айдар: қандай кино түсірсем екен

Ернар Айдар: қандай кино түсірсем екен

Ернар Айдар да кино әлеміне бет бұрмақшы.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әріптестерінен қалғысы келмеді ме, бақталастық па ол жағы беймәлім. Бірақ, Ернар Айдар да кино түсіруді қолға алғысы келетінін айтты.

"Өмір кино,
Таңғажайып әр күнің,
Бұл кинода,
Бар қуаныш, бар мұңың
Орындайсың,
Бұлжытпастан,барлығын
Тәңір дейтін,
Режиссёрдың жарлығын,
Ал сценарий,
Маңдайдағы тағдырың.
----------------------------
Өмір кино,
Өзің актёр жандайсың,
Шынайы ойна,
Неге өзіңді алдайсың?
Көтересің,
Кездесседе қандай сын,
Әр сәтіңді,
Бір ғана рет ойнайсың,
Әттең кері,
Айналдыра алмайсың!
Ия өмірде қайталап ойнай алмайсың, ал кинода қанша қайталап ойнағың келеді өз қалауың.
Жалпы өмірден алынған киноларды жақсы көрем.
Қазақ киносы дамып жатырғой, ең бастысы қазақ тіліндегі☝️
Менде соған үлесімді қосқым келеді.
Егер түсірсем, қандай кино күтесіздер менен?
#EA", деп жазды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін