Отырыс барысында ӘКК одан әрі дамыту мәселелері, соның ішінде елорданың энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық жобалар талқыланды.
Қала басшысының атап өтуінше, Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауын жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджет доноры ретінде қала экономикасын ынталандыру, сонымен қатар инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарды белсендіру қажет.
Жиын барысында «Астана» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Ерсайын Нағаспаев «Астана» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.