Ертең Алматының бірқатар шағын аудандарында суық су беру тоқтатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Алматының бірқатар шағын аудандарында суық су беру тоқтатылады

Ертең Алматының бірқатар шағын аудандарында суық су беру тоқтатылады

Ертең Алматының бірқатар шағын аудандарында суық су беру тоқтатылады. Бұл туралы «Алматы су» холдингі баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Қараша 2015
  • 291
Фото - Caravan.kz

Уақытша қолайсыздықтар жаңа су құбырын магистральды желіге жалғау жұмыстарына байланысты туындамақ.

«Таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейінгі аралықта 4-шағын аудандағы №1-8 үйлерге, 5-шағын аудандағы №1-39 үйлерге, №154 балабақшаға, «Знайка» жекеменшік бақшасына, 8-шағын аудандағы № 134, 37, 39, 41, 42, 45, 46, 55, 55-А, 56, 57, 58, 58-А, 72, 72-А, 74, 77, 76, 78, 78, 78-А, 83, №119 мектеп-лицейіне, №116 мектепке, №39 бөбекжайға, «Балдырған» бақшасына су беру уақытша тоқтатылады. Білім беру нысандарына су сырттан жеткізіледі.

Айта кету керек, бүгін де бірнеше апатты жағдайдың орын алуына байланысты Достық шағын ауданы, Сәдуақасов  Қарағанды — Қарғалы  Школьная көшелерінің шаршысындағы ондаған үй сусыз отыр. Апат кешкі 17:00-ге дейін қалпына келтіріледі.