Ертеңнен бастап балабақшалардың жұмысы тоқтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертеңнен бастап балабақшалардың жұмысы тоқтайды

Ертеңнен бастап балабақшалардың жұмысы тоқтайды

Ертеңнен бастап Алматы қаласы аумағында карантин енгізілуіне байланысты балабақшалар да толықтай жұмысын тоқтатады.

  • 18 Наурыз 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Азаттық рухына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде қалада мектепке дейінгі білім беру мекемесіне баратын 19 мың бүлдіршін бар. Олар ертеңнен бастап балабақшаға баруын доғарады. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Айтқұлова айтты.

«Балабақшада тәрбиеленушілермен бірге тәрбиешілер мен күтушілер де жұмысқа бармауы керек. Мекеменің бірінші басшысы мен күзетші ғана қалады», — деді басқарма өкілі.

Ал мектеп оқушылары Қазақстанда аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында ұзақмерзімді демалыста болады. Колледж студенттері  16 наурыздан бері қашықтан білім алуға көшті.

«Қашықтан оқу үшін тиісті техникалар, оқу құралдары, көрнекілік құралдар жетіспеушілігі туралы шағым жоқ. Ал, мектеп мұғалімдері оқушыларға қашықтан білім беру қажеттілігі туындаған жағдайда дайын болады. Әр мұғалімнің үйінде компьютер немесе ноутбук бар деп ойлаймын. Ал оқушыларды гаджетпен немесе смартфонмен қамту бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр. Бәріне дайын болуымыз керек», — дейді Г. Айтқұлова.


Мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы қысқармайды.

«Мұғалімдердің, тәрбиешілердің жалақысы қысқармайды. Жұмыс істемесе де, демалыс кезіндегі төлемдері тоқтамайды. Ал осы кезеңде еңбек демалысын алғысы келетін ұстаздарға кедергі болмайды», — деді әкімдік өкілі онлайн-брифингте.

Соңғы жаңалықтар