«Ертіс» ФК басшыларына қасақана шабуыл жасалған - ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ертіс» ФК басшыларына қасақана шабуыл жасалған - ІІД

«Ертіс» ФК басшыларына қасақана шабуыл жасалған - ІІД

Жасалған қылмыстың ауырлығы мен жапа шеккендердің бірінің денсаулығының жағдайына қарап бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК 103-бабының 2-тармағына (адам денсаулығына қасақана зиян тигізу) ауыстырылды.

  • 20 Мамыр 2014
  • 399
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Таратылған хабарламада «Ертіс» клубының директоры Хәлімжан Ержанов пен спорт директоры Болат Ысқақов туралы жазылған. Оларды Х.Ержановтың пәтерінің алдында белгісіз біреулер темір шыбықпен аяусыз ұрып-соққан.

Медицина қызметкерлерінің ақпаратынша, Б.Ысқақовтың бас сүйегі ауыр зақымданған, жағдайы нашар. Полиция тергеу амалдарын жүргізуде, олар әзірге қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Еске сала кетейік, бұл оқиға «Ертіс» командасы мен семейлік футболшылардың кездесуінен кейін орын алған.