«Ертіс» футбол клубының басшыларын соққыға жыққандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ертіс» футбол клубының басшыларын соққыға жыққандар ұсталды

«Ертіс» футбол клубының басшыларын соққыға жыққандар ұсталды

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының басшыларын соққыға жыққандар ұсталды. Бас директор Қалымжан Ержанов пен техникалық директор Болат Ысқақовты бетперде киген қарақшылар үйінің кіреберісінде сабап кеткен болатын. Араға ай салып, күдіктілерді қолға түсірген полицейлер қылмысты ашқандарына шүбә келтірмей отыр. 

  • 17 Маусым 2014
  • 372
Фото - Caravan.kz

Арнайы жасақпен жеткізілген төрт адамның жас шамалары 25-30-дарда. Ең үлкені бұрын адам өлтіріп жазасын өтесе, біреуі қарақшылық үшін түрмеде отырып шығыпты. Қалған екеуі бұрын сотталмаған. Жәбірленушілерді сойылмен сабағандардың беттері тұмшаланғандықтан, куәгерлер күдіктілерді тап басып көрсетіп бере алмады. Ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген клуб басшыларының бірі операциядан кейін әрең есін жиғанын айта кетейік. Не үшін таяқ жегендерін олардың өздері де білмейді.


Сұлтан Құсетов, Павлодар облыстық ІІД бастығы:

-Бұзақылардың төртеуі де – осы қаланың тұрғындары. Барлығын бір адам ұйымдастырып, үшеуі қылмысқа бірге барған. Қылмысқа түрткі болған себептер анықталып жатыр.