«Ертіс» футбол клубының жетекшілерін соққыға жыққандар құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ертіс» футбол клубының жетекшілерін соққыға жыққандар құрықталды

«Ертіс» футбол клубының жетекшілерін соққыға жыққандар құрықталды

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының бас директоры Қалымжан Ержанов пен техникалық директоры Болат Ысқақовты соққыға жыққан төрт күдікті құрықталды.

  • 16 Маусым 2014
  • 407
Фото - Caravan.kz


«Жасы 28 бен 30 жас аралығындағы жігіттер облыс орталығында тұратын болып шықты. Олардың арасында осы шабуылды ұйымдастырған адам да бар», — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір олардың бәрі тергеу изоляторында отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, осыдан бір ай бұрын белгісіз біреулер Қ.Ержанов пен Б.Ысқақовты үйдің кіреберісінде соққыға жыққан болатын. Оқиға «Ертіс» пен семейлік «Спартак» командаларының арасындағы матчтан кейін болды. Додада семейлік команда деңіліс тапқан-ды.