Есен Елеукен: Енді ұстаздар қауымына деген көзқарас өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есен Елеукен: Енді ұстаздар қауымына деген көзқарас өзгереді

Есен Елеукен: Енді ұстаздар қауымына деген көзқарас өзгереді

Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауында айтылған кей мәселеге қатысты "Тамаша" телеарнасының директоры Есен Елеукен пікір білдірді.

  • 5 Қазан 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Вaq.kz хабарлайды.

"Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауын тыңдадық. Жылдағыдан өзгеше. Елбасы Жолдауды оқып, оны түсіндіріп қана қоймай бұған дейінгі атқарылған жұмыстарды, берілген тапсырмалардың қалай орындалып жатқанын министрлерден бастап әкімдерге дейін тік тұрғызып, бүге-шігесіне дейін сұрады. Жиын осынысымен де ерекше болды. Жолдаудағы нақты тапсырмалардың халықтың әл-ауқатын көтеруге, елдегі нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отырғаны қуантты. Ұстаздардың мәртебесін арттыру туралы Заң қабылданады. Демек енді ұстаздар қауымына деген көзқарас өзгереді. Олар «қолбала» тірліктен құтылып тек бар күш-жігерлерін ұрпақ тәрбиелеуге арнайды. Қуанарлық жағдай. Сондай ақ, дәрігерлердің жалақысын көтеру жөніндегі айтылған пікір де өте орынды. Полиция мен сот қызметін жетілдіру қажет. Бірінші кезекте адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп сіз бен біздің ұйқымыз тыныш болуын да баса айтты. Жолдауда ауыл да ұмыт қалмады. Елбасы "Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет" деді. Бұйырса енді «Ауыл — ел бесігі» атты жоба жүзеге асады. Тағы бір жаңалық Елбасы келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл біз үшін аса қуантарлық жаңалық", — деген пікір айтты Есен Елеукен.