Есен Елеукен жаңа телеарна Tamasha tv-дің директоры болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есен Елеукен жаңа телеарна Tamasha tv-дің директоры болып тағайындалды

Есен Елеукен жаңа телеарна Tamasha tv-дің директоры болып тағайындалды

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап жаңа ойын-сауық арнасы Tamasha tv ашылады.

  • 28 Тамыз 2018
  • 32
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап жаңа ойын-сауық арнасы Tamasha tv ашылады, деп xабарлайды Today.kz “Қазақстан” телерадиокешенінің xабарламасына сілтеме жасап. 

Телеарна орта есеппен 22 сағат қосулы тұрады.

Арнада телерадиокешеннің өз өнімдері көрсетіледі. Көрермен “Әзіл әлемі", "Жайдарман", "Хаха-шоу", "Әзіл man", "Көңілді тапқырлар алаңы", "Қызық екен" сияқты бағдарламалар мен мұрағаттағы танымал өнімдерді тамашалай алады. 

"Жаңа телеарна отандық телевидениеде ойын-сауық бағдарламаларын көбейту мақсатында ашылды. Алдын ала жасалған сараптама осындай арнаға деген үлкен сұранысты көрсетті", – делінген корпорация xабарламасында.


Арна OtauTV мен iDTV-де HD форматында көрсетіледі.