Комитеттің ақпараты бойынша, конгреске қатысушылар басқару, есеп беру, мемлекеттік аудит міндеті және ортақ стандарттарға негізделген баға беру тиімділігі жөнінде мәселелерді қарастырмақ.
Конгрестің жұмысы барысында есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев Эстония, Мексика, Иран елдерінің жоғарғы қаржылық қадағалау органдараның басшыларымен кездесуі жоспарланған. Бас қосу кезінде қарым-қатынаас мәселелері талқыланады.
Есеп комитеті мемлекетттің қаржы бақылау тәртібі мен тәсілдері саласында Эстония, Мексика, Иранмен тәжірибемен алмасуды жоспарлауда. Барлық елдердің қатысушылары мамандардың біліктілігі мен білімін арттыру сауалы бойынша да қарым-қатынас жасамақ.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Есеп комитеті жоғарғы мемлекеттік қаржылық бақылау қызметін атқарады, президентке ғана бағынып, оған есеп береді. Аталмыш комитет сыртқы бақылау жүргізіп, республикалық бжджеттің орындалуын, гранттардың пайдаланылуын, мемлекеттің мал мүлкін, кепілдердірілген мемлекеттік несиелердің пайдалануын және Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі мен жүргізілген сауда саттықты қадағалап отырады.
ИНТОСАИ — жоғарғы халықаралық бақылау органдарының ұйымы. Оның құрамына 180 жоғарғы бақылау органдары кіреді.
Есеп комитеті ИНТОСАИ-дың құрамына 2000 жылдың мамыр айында кірді. Есеп комитеті Халықаралық ұйының 17-18 конгресстеріне қатысқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті