Есеп комитетінің төрағасы президентке комитеттің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жұмысының нәтижелері туралы баяндады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитетінің төрағасы президентке комитеттің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жұмысының нәтижелері туралы баяндады

Есеп комитетінің төрағасы президентке комитеттің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жұмысының нәтижелері туралы баяндады

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қазан 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында О.Өксікбаев президентке комитеттің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жұмысының нәтижелері туралы баяндады.

«Бюджеттің ішкі резервтерін тиімді пайдалануды анықтау бойынша тексеру нәтижелеріне баса назар аударылды. Мен сондай-ақ президентке Бюджет кодексінің жобасына енгізілетін қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары туралы баяндадым. Мемлекет басшысы біздің алдымызға әлемдік тәжірибені ескере отырып, қаржылық бақылау үдерісін жетілдіру міндетін қойды», — деді Есеп комитетінің төрағасы журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар