Есеп қуған солтүстіктің дәрігерлері ер азаматтардан әйелге тән дерт тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп қуған солтүстіктің дәрігерлері ер азаматтардан әйелге тән дерт тапты

Есеп қуған солтүстіктің дәрігерлері ер азаматтардан әйелге тән дерт тапты

Естімеген елде көп! Солтүстікқазақстандық дәрігерлер өңірде тұратын ер-азаматтарды тексеріп, төртеуінен әйелдерде ғана кездесетін ауру бар деп тапқан. Ақ халаттылардың есебіне сенсек, науқастардың үшеуі жатыр мойны, тағы біреуі омырау безі ісігіне шалдығыпты.

  • 26 Маусым 2014
  • 235
Фото - Caravan.kz


 «Сырқат» деп танылған еркектердің өздерімен сөйлесу, әрине, мүмкін болмады. Олардың аты-жөндері аталған жоқ. Бірақ осындай былыққа жол бергені үшін ақ халаттылардың өздері қазір прокурорлардың қаһарына іліккен. Олардың ойынша, бұл жерде бір кілтипан бар. Дәрігерге мүлдем қаралмағандарды тізімге енгізген медицина қызметкерлері олардың әрқайсысы үшін мемлекеттен 3 мың теңгеден ақша алған. Осы ақшаны көбейткісі келген шығар, ақ халаттылар қызды-қыздымен тізімге еркектердің де аты-жөнін жазып, аурушаң қылып қойыпты.