"Есеппен емес": Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Есеппен емес": Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын ашып айтты

"Есеппен емес": Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын ашып айтты

Әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықпақшы. Той наурыз айында болады деп жоспарланып отыр.

  • 10 Ақпан 2023
  • 1573
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатынада айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Иә, рас. Мен тұрмысқа шығамын. Бізді тағдыр қайта-қайта тоғыстырған. Біз кездейсоқ бір уақытта, бір мекенде жүргенбіз. Біз Қырғызстанда таныстық. Өнер саласынан емес. Дегенімен де, жоғары музыкалық талғамы бар. Жан-жақты азамат. Мен үнемі тұрмысқа шығатын болсам жүрек қалауымен, махаббатпен ғана тұрмыс құрғым келетін. Сол қалағанымдай болды. Ешқандай есеппен, бір жоспарлармен емес", — дейді ол.

Және бұл қуанышты жаңалықты наурызда орындалатынын да жасырмады.


Желі оқырмандары түрлі пікірлер жазуда. Әсіресе, оның жасы мен "Жанар Дұғалова Бауыржан Байбектің көңілдесі" деп тараған желсөзге қатысты пікір көп. Айта өтейік, Жанар Дұғалова осы жылы 36-ға толды.

Соңғы жаңалықтар