«Ешқашан сенбеңіздер»: Димаш Құдайберген үндеу жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ешқашан сенбеңіздер»: Димаш Құдайберген үндеу жолдады

«Ешқашан сенбеңіздер»: Димаш Құдайберген үндеу жолдады

Танымал әнші Димаш Құдайберген желі арқылы халықты алаяқтарға алданып қалмауға шақырып, үндеу жариялады. 

  • 17 Қаңтар 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы өнер иесінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ассалаумағалейкум, құрметті достар! Бұл бейнетаспаны жазудағы мақсатым – интернет желісінде, Facebook-те менің атымнан ашылған түрлі парақшалар халыққа және маған зиянын тигізе бастады. Жалпы, мен ешқашан ақша сұрайтын ойындар өткізген емеспін. Тыңдармандарым біле жатар, қателеспесем, алдағы шығармашылық жаңалықтарды бөлісу үшін тікелей эфирдің өзіне 3-4 рет қана шыққанмын. Соны скриншотқа түсіріп алып, өздерінің алаяқ әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында Димаш Құдайберген болып, Facebook-те жалған парақшалар ашып алып, халықпен тілдесіп отырған фотомды қойып қойған. Сол арқылы лотерея сияқты түрлі ойындар өткізіп жатқан сияқты етіп көрсеткісі келіп жатыр. Ондайға ешқашан сенбеңіздер, мен ойындар ұйымдастырған емеспін. Оның маған қажеті де жоқ, сол себептен алданып қалмаңыздар. Ескерту, айту мақсатында осы видеоны түсіріп жатырмын. Ешқашан интернет арқылы ешкімге ақша жібермеңіздер», – деген ол.