Есінен айырылған қарияның туыстары табылғанымен, оны алып кетуден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есінен айырылған қарияның  туыстары табылғанымен, оны алып кетуден бас тартты

Есінен айырылған қарияның туыстары табылғанымен, оны алып кетуден бас тартты

Семейде жүрек талмасынан кейін есінен айырылған қарияның  туыстары табылды! Естеріңізде болса, оны дәрігерлер өткен жылдың аяғында Ертістің жағалауында қол-аяғы сал болып, есінен айырылған жерінен тауып алған.

  • 24 Маусым 2011
  • 332
Фото - Caravan.kz

Инсульттан тілі күрмеліп, есінен айырылған ер адамның кім екенін дәрігерлер де, полиция қызметкерлері де анықтай алмаған. Тіпті балгерлердің көмегіне жүгінуге тура келген. Енді ауруханада 7 айға жуық жатқан науқастың аты-жөні белгілі болды.  Ол-Мақсұт Рымжанұлы Майжанов деген азамат екен; Аягөз елдімекенінің тұрғыны. Көріпкел қарияның туған ауылын түрін түстеп, атын атағаннан кейін ғана Максұт Майжановты білетіндер табылған. Белгілі болғандай, оның екі ағасы мен дәрігер психиатр әпкесі бар екен. Дегенмен бауырларының мүшкіл халін көріп білген олар,оны алып кетуден бас тартты. Оған қоса, туыстары барлық телефондарды сөндіріп тастап, күні бүгінге дейін байланысқа шықпай отыр. Енді дәрігерлер науқастың дәл туған жылын анықтай алмағандықтан, құжаттарын рәсімдей алмай,тығырыққа тірелді.


Алмагүл Садықова, Семейдегі Қызыл жарты ай ауруханасының бас дәрігері
:

— Біз оған туыстарының атын атаған кезде, ол:  “ия дәл өздері” деп, ым-ишара жасады. Бірақ сол ағайындарының науқасты алып кеткісі жоқ. Хабарласа алмай отырмыз. 

Соңғы жаңалықтар