Есірткі тасымалдағаны үшін сотталған ҚР азаматы Беларусьтан экстрадицияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есірткі тасымалдағаны үшін сотталған ҚР азаматы Беларусьтан экстрадицияланды

Есірткі тасымалдағаны үшін сотталған ҚР азаматы Беларусьтан экстрадицияланды

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

  • 18 Маусым 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz


Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы сотталған жерлесіміз Андрей Карпенконы жазасын Қазақстанда одан әрі өтеу үшін беру туралы өтінішхатты қанағаттандырды, деп хабарлайды Today.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2017 жылы Брест облысы Кобрин ауданының сотымен Карпенко Беларусь Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз алып жүргені үшін кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан кейін, сотталған Карпенко Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жазасын одан әрі өтеу үшін оны отанына қайтару жөнінде өтініш жасады. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде оның өтінішхатын қанағаттандыру мүмкін болды. Бүгін Андрей Карпенко Белоруссиядан Қазақстан аумағына этаппен жеткізілді. Ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", – делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар