"Кеше"Қайрак авто" пунктінің наряды үйретілген иттің көмегімен "Рудный-Магнитогорск" рейстік автобусын тексеру кезінде багаж бөлімінде жатқан спорт сумкасынан бес орауыш тауып алды, олар скотчпен оралған екен", деп хабарлады жұмада "Интерфакс-Қазақстанға" ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
Сараптама көрсеткендей, төртеуінде жалпы салмағы 8 кило марихуана болған, бесіншісінде — 760 грамм гашиш.
Бұл факті құқық қорғау органдарына хабарланды, тергеу жүргізілуде.