Ескендір мен Дарико Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ескендір мен Дарико Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр

Ескендір мен Дарико Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр

Ескендір мен Дарико Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр.

  • 23 Сәуiр 2021
  • 2669
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ақпаратты Серік Абас-шах желідегі парақшасында жариялады: 

"Өзiм телевизия саласында жұмыс істесем де өнер саласында ойып тұрып алған орны бар осы кісімен жақын сөйлеспеппін. Екі-үш рет қана (кездесіп қалғанда) сәлемдескен екенбіз. Халiн сұрамаппын. Әңгімеге тартпаппын. фотоға туспеппіз. Әйтпесе бұл кісіге деген құрметім бөлек қой.

Кішкентай кезімізде (1970-80 жылдары) бұл кісілердің (Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Зейнеп Қойшыбаева, Венера Кармысова, Люция Төлешова, Лаки Кесоглы және т.б) әндерін тыңдап өстік. Ол кезде үйде теледидар болмағандықтан "кемiретiнiмiз" кiтап пен радио ғана ғой… Бұл да бір тарих.

Айтайын дегенім:

Түнде Ескендір аға мен Дарико апайды тусiмде керген едім. Таңертең екеуiнiң жансақтау бөлімінде жатқанын оқып қалдым.

Бір ғана тілек: сауығып кетсін, екеуі де. Алла жар болсын!", деп жазды. 

 

Соңғы жаңалықтар