Жарияланды: 30

Ескендір Сүлейменовтің өлімі: Үкімге апелляциялық шағым түсті

Ескендір Сүлейменовтің өлімі: Үкімге апелляциялық шағым түсті Сурет - tengrinews.kz

Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты іс бойынша сотқа апелляциялық шағым түсті.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Шағымды сотталған Малика Мұхитованың өкілі жолдады.

"Сотталушының өкілі бірінші инстанциядағы соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді", - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға сотталған болатын. Мұхитова енді жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді.

Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін