ЕСКЕРТУ: Бүгін Астанада аптап ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕСКЕРТУ: Бүгін Астанада аптап ыстық болады

ЕСКЕРТУ: Бүгін Астанада аптап ыстық болады

Бүгін күндіз Ақмола облысында ауа температурасы 31-36 градусқа дейін көтеріледі. Астананың өзінде күн 33-35 градусқа дейін ысиды деп күтілуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлады.

  • 27 Маусым 2014
  • 340
Фото - Caravan.kz


Бұған дейін хабарлағанымыздай, 27-28 маусым күндері Қарағанды облысында, 28 маусым Алматы облысының кей жерлерінде күн 41 градусқа дейін ысиды.

27-28 маусым күндері күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде ауа температурасы 43°C-қа дейін көтеріледі.

Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігі мен шығысында бүгін күн күркіреп, аздаған жауын-шашын болып, жел күшейеді. Ал басқа өңірлерде күн ашық.