Ескертуге қарамастан жол жүріп кететіндер азаймай тұр – ТЖД - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ескертуге қарамастан жол жүріп кететіндер азаймай тұр – ТЖД

Ескертуге қарамастан жол жүріп кететіндер азаймай тұр – ТЖД

Жаңа жылдың алғашқы күндері ауа-райы күрт бұзылып, кей өңірлерде қалааралық тас жолдар жабылды. Жыл басынан бері елордада барлығы 12 ада

  • 5 Қаңтар 2017
  • 616
Фото - Caravan.kz

Жаңа жылдың алғашқы күндері ауа-райы күрт бұзылып, кей өңірлерде қалааралық тас жолдар жабылды. Жыл басынан бері елордада барлығы 12 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«1 және 4 қаңтар аралығында елордалық құтқарушылар 10-нан астам адамды эвакуациялады. Осы уақыт ішінде дабылды ескерту және тас жол жабылғаны туралы 7 смс-хабарлама таратылды. Дегенмен, ескертуге қарамастан жолға шыққан азаматтар болды. 1 қаңтарда Көкшетау тас жолының бойындағы далалық жолда бірнеше автокөлік тұрып қалып, 4 азамат эвакуацияланды», — деп хабарлады Астана қалалық ТЖД.

Департаменттің мәліметінше, 1 қаңтарда сондай-ақ, Көкшетау тас жолы Бозайғыр кентінде автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Көліктен 1999 және 2016 жылы туған балаларымен екі әйел эвакуацияланды. Құтқарылған жолаушылардың арасында ауруханаға жеткізілгендер де болды. Мысалы, Астрахан тас жолында қалып қойған азамат кардиологиялық бөлімшеге жеткізілсе, 2 қаңтарда Аршалы ауданында жолда қалып қойған азаматшаның 2016 жылы туған баласы ауруханаға жеткізілген. Осы орайда, Астана қалалық ТЖД алдағы уақытта ауа райы нашарлайтындықтан азаматтарға ескерту жасайды.

Біріншіден, ауа-райы туралы ақпаратты тұрақты бақылап отырып, сыртқа шығар алдында термометрге қараған жөн, ауа-райына сәйкес киініңіздер; балаларды қараусыз қалдырмаңыздар; өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз – ағзаның үсуіне жол бермеңіз. Ал автокөлік иелеріне: көлікте ықшам жылытқыш құралын ала жүріңіздер; түнде, боран кезінде жолға шықпаңыздар; дүрлікпей, сабыр сақтаңыздар; жолға шыққанда телефонды зарядтау құрылғысын ұмытпаңыздар; жол жүргенде борандатса – тас жолдан ауытқымай, телеграфтық және электр бағаналарын бетке ұстап жүріңіздер, өйткені оларда салыстырмалы түрде қар басып қалу ықтималдығы төмен; қайғылы оқиғаларға ұшырамас үшін, әсіресе, түнге қарай және ауа-райы бұзылғанда алыс сапарларға шықпағаныңыз абзал», — деп ескертеді ТЖД мамандары.


Соңғы жаңалықтар