Ескі айфонды апарып беріп, жаңа HTC смартфонын алуға болады
![]() |
Тайвань жеріндегі смартфон өндіруші HTC компаниясы тұтынушыларға арнап, қызықты шара өткізуде. |
HTC өзінің жуырда шығарған жаңа One А9 смартфонын ескі алтыншы айфонды әкелген адамға ешбір ақысыз айырбастап беруге дайын, деп жазады деп жазады planet-today.ru.
Клиенттер тиімді шараға 26 қарашадан бастап, 2 желтоқсанға дейін қатысуға болады. НТС-тің көздеген басты мақсаты - One A9 моделінің сатылуын арттыру. Ал Apple корпорациясының бұл айырбасқа қатысты пікірі әзірге белгісіз. Сондай-ақ кез келген брендтің ескі смартфонын әкелген адамға компания ақша төлейді. Бірақ клиент бұл ақшаға тек HTC-тің өнімін сатып алуы тиіс. Мысалы, Samsung смартфоны үшін 200$, ал LG смартфоны үшін 100 доллар алуға болады, деп жазады 24.kz.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін