Ескі Үкімет қайта қызметіне кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ескі Үкімет қайта қызметіне кірісті

Ескі Үкімет қайта қызметіне кірісті

Өз тағында қалған премьер-министр Кәрім Мәсімов қарамағындағыларын ауыстыру жайында Елбасыға ешқандай өтініш берген жоқ. Сондықтан бүгін президент Министрлер кабинетін сол бұрынғы қалпында қалдыру жөнінде тиісті  жарлыққа қол қойды.

  • 1 Мамыр 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің бұл құрамын Назарбаевтың өзі де қолдап отыр. Мемлекет басшысы оларды қоян-қолтық жұмыс істейді, әрі жүктелген тапсырманы  орындай алады деп баға берді. Сондықтан отставкаға жіберуді жөн көрмепті. Осылайша, қысқартудан кейін қалған 13 министрдің барлығы «міндетін уақытша атқарушы» деген тіркестен құтылып мәз-мейрам. Айта кетсек, президент инаугурациясынан соң Конституцияға сай, министрлер кабинеті түгел отставкаға кеткен болатын. Премьер Мәсімов тағына екі сағаттан соң қайта тағайындалса оның командасын жасақтауға 10 күні бар еді. Алайда бұл істі бір күнге де жеткізбеген Мәсімов үйреншікті өз адамдарын да  жанында қалдырды.