Ескірткі алқабын тапқан: қызылордалық 48 жастағы тұрғын ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ескірткі алқабын тапқан: қызылордалық 48 жастағы тұрғын ұсталды

Ескірткі алқабын тапқан: қызылордалық 48 жастағы тұрғын ұсталды

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталып, Сырдария ауданының 48 жастағы тұрғыны оқиға орнында ұсталды.

  • 27 Маусым 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 23 маусым күні ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД және Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп, Шиелі ауданының Қарғалы ауданынан 70 шақырым жерде ірі есірткі алқабын  анықтады деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің 2377 түбі, жалпы салмағы 3 кг 310 гр кептірілген марихуана анықталды. 2377 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 288 кг 871 гр болып шықты.


Күдікті УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК 300-бабының 2–бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар