«Ессіз, талып жатыр»: Аягөзде тірідей жанып кеткен бір отбасының төрт баласы туралы тың дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ессіз, талып жатыр»: Аягөзде тірідей жанып кеткен бір отбасының төрт баласы туралы тың дерек шықты

«Ессіз, талып жатыр»: Аягөзде тірідей жанып кеткен бір отбасының төрт баласы туралы тың дерек шықты

Абай облысының Аягөз ауданында орын алған жайтқа қатысты тың деректер пайда болды.

  • 26 Қазан 2023
  • 1757
Фото - Caravan.kz

Балалардың бірі мүгедек болған деген дерек тарауда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы журналист Гүлбану Әният мәлім етті. 

"Аягөздегі оқиға бойынша соңғы деректер. Бір күнде төрт баласынан айырылған әке-шешесі ессіз, талып жатыр. Әкесі Аягөздегі “Қазығұл” жекеменшік ауруханасында жедел жәрдем көлігінде шопыртболып қызмет істейді. Алатын айлығы 120 мың теңге. Шешесі жұмыссыз. 2019 жылы 1-2 квартал ғана АСП алған. Сосын қолдарыңда мал бар деп, АСП дан “өз еркіммен бас тартамын” деп жазғызып алған. 2019 жылдан бері АСП алмайды. АСП алмайтын себепті шешесі сиыр сауып, базарға сүтін сатып отырған. Төрт баланың біреуі мүгедек болыпты деп жатыр. Ақпарат нақтылауды қажет етеді.

АСП-ны қолыңда малың болса ала алмайсың деген жерін алып тастау керек. Қазір малдың жем-шөбі өзінің құнынан да асып кетеді. Одан келетін қандай кірісті көріп отыр? Тауықтың жұмыртқасынан кіріс санап жүрген біздің Үкіметте сол тауық құрлы ми жоқ!", — деп жазды ол. 

Айта кетейік, кеше Аягөз ауданында қайғылы жағдай орын алған еді. Жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде газ баллоны жарылып, үйдің тұтастай төрт баласы тірідей жанып кеткен еді.