Етектен төмен әңгімеге құмар халық екеніміздің белгісі осы лифтіден-ақ байқауға болады - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Етектен төмен әңгімеге құмар халық екеніміздің белгісі осы лифтіден-ақ байқауға болады - Айгүл Орынбек

Етектен төмен әңгімеге құмар халық екеніміздің белгісі осы лифтіден-ақ байқауға болады - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек Астанадағы лифтінің бірінде сүйіскен еркек туралы видеоға байланысты өз пікірін білдірді.

  • 16 Қаңтар 2023
  • 2408
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасын жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Етектен төмен әңгімеге құмар халық екеніміздің белгісі осы лифтіден ақ байқауға болады.

Лифтідегі екі азамат, тайландтық немесе қазаққа ұқсас басқа ұлт болу әбден мүмкін. Тура сайлаудың алдында бұндай видеоны шығару, халықтың ойын басқаға арнаға бұру! Біз биліктің бұндай қитұрқы тәсілдеріне ермеуіміз керек!

Азаматтық қоғамның көзі ашық болса, билікке отырғысы келетін арам пиғылды жемқорлардың іс әрекеті жүзеге аспайды!

Бізге қәзір сайлау маңызды болу керек!


Кешегі сайланған депутаттар кімдер?!

Халық оларды қандай істерімен таниды?

Біз қәзір сайланған депутаттардың атқарған жұмыстарын талқылауымыз керек!

Әр өңір өздерінен сайланған депутаттардың тіпті кім екенін білмейді!

Бүкіл халықтың тағдырын шешетін сенаторды талқылайық! Әлі олар Ант беріп, куәліктерін алған жоқ!

Болашақ сенаторлар жайлы талқылауға толық құқығымыз бар!", — деп жазды Айгүл Орынбек.

Соңғы жаңалықтар