ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің еңбек және әлеуметтік қорғау министрлері Алматыда Қоғамдастық аясында еңбек және әлеуметтік саясатты өзара үйлестіру мәселесін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің еңбек және әлеуметтік қорғау министрлері Алматыда Қоғамдастық аясында еңбек және әлеуметтік саясатты өзара үйлестіру мәселесін талқылайды

ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің еңбек және әлеуметтік қорғау министрлері Алматыда Қоғамдастық аясында еңбек және әлеуметтік саясатты өзара үйлестіру мәселесін талқылайды

3-4-қазанда Алматыда ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің жанындағы әлеуметтік саясат жөніндегі Кеңестің екінші отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастықтың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Қазан 2003
  • 708
Фото - Caravan.kz

Бұл отырыста кеңес мүшелері кедейлікті жеңу, Қоғамдастық аясында өзара келісілген әлеуметтік-еңбек саясатының концепциялық негіздерін қалау туралы талқыламақ. Сондай-ақ, отырыста ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің мемлекеттік әлеуметтік стандарттарын өзара жақындастыру және өзара мәмілелі әлеуметтік саясат жүргізу жөніндегі келісімдердің жобасы, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер азаматтарының Қоғамдастық аумағындағы уақытша еңбек іс-қимылдары жөніндегі мәселелер сарапқа салынады. Отырыс барысында «ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше-елдердің 2004-2006-жылға арналған әлеуметтік саясаты» атты мемлекетаралық мақсатты бағдарламаны қарау көзделіп отыр.

Кеңес биылғы жылдың сәуір айында құрылған. Оның құрамына Қоғамдастыққа мүше-елдердің еңбек және әлеуметтік қорғау министрлері қамтылды. Кеңес төрағасына Ресей Федерациясының еңбек және әлеуметтік даму министрі Александр Починок, оның орынбасары болып ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова тағайындалды.
Кеңес жұмысына қатысу үшін елімізге Халықаралық еңбек ұйымы бас директорының орынбасары әрі осы ұйымның Еуропа және Орталық Азия елдері жөніндегі аймақтық бюросының директоры Фридрих Бутлер келмекші. Ол «Еңбек-кедейлікпен күрес құралы» деген тақырыпта баяндама жасайды.

Соңғы жаңалықтар