ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің тауар енгізуге кедендік баж салығының ставкасын келісу мерзімін 2004-жылдың соңына дейін ұзарту жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің тауар енгізуге кедендік баж салығының ставкасын келісу мерзімін  2004-жылдың соңына дейін ұзарту жоспарланып отыр

ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің тауар енгізуге кедендік баж салығының ставкасын келісу мерзімін 2004-жылдың соңына дейін ұзарту жоспарланып отыр

ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің базалық біртұтас кедендік тарифтер тізіміне қамтылған тауар енгізуге кедендік баж салығының ставкасын келісу мерзімін 2004-жылдың соңына дейін ұзарту жоспарланып отыр. Қазір бұл мәселе Мәскеуде ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі мәжілісінде қаралуда.

  • 28 Қазан 2003
  • 497
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық сарапшылардың атап көрсетуінше, «соңғы уақыттарда Қоғамдастық органдары тарапынан қабылданған шешімдерге қарамастан бұл мәселеде айтарлықтай ілгерілеушілік байқалмай отыр». Бұған негізгі себептер ретінде сарапшылар «ЕурАзЭқ-қа мүше жекелеген елдердің ұлттық кедендік тарифтер аясында тауар енгізуге кедендік баж салығының ставкасын жиі-жиі өзгертуі, сондай-ақ, кедендік-тарифтік саясат тұрғысындағы Ресей мен Қазақстанның позициялары арасындағы принциптік айырмашылықтар» тәрізді себептерді атайды. Сарапшылардың пайымдауынша, нольдік ставка бойынша алынатын кедендік баж салығы на қатысты мәселе бойынша ең күрделі ахуал қалыптасып отыр. Мұндай баж салығы Қазақстанда 3 мыңға жуық болса, Ресей мен Беларусьте 52-ге жетеді екен. Сарапшылардың пайымдауынша, тараптар Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мақсатына сәйкес қандай кедендік-тарифтік саясат жүргізу керектігін өзара үйлестіруі қажет.

Соңғы жаңалықтар