Жарияланды: 450

Еуразия даму банкінің Кеңесі Қырғыз Республикасын мүшелікке қабылдау туралы шешім шығарды

Бүгін Мәскеуде Еуразия даму банкі Кеңесінің төрағасы Алексей Кудрин хат жолдап, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Алмазбек Атамбаевты Қырғызстанды Еуропалық даму банкіне мүше етіп қабылдау туралы Кеңес шешімімен таныстырды.

Еуразия даму банкі Кеңесінің Қырғыз Републикасын мүше етіп қабылдау мәселесін қараған мәжілісі 28 маусым күні Мәскеуде өткен болатын. Қырғызстанның Еуразия даму банкін құру туралы келісімге қосу жөніндегі өтнішіне Кеңес мүшелері бірауыздан дауыс берген. Көршілес бұл ел енді Еуразия даму банкінің жарғылық капиталына 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі үлеспен қатыспақ. Банк Кеңесі өз хатында бұл шешімді ұлттық деңгейде орындау үшін қырғыз еліне ішкі мемлекеттік процедураларды жүргізу жөнінде өтініш жасап отыр. Жалпы Халықаралық бұл қаржы институтын 2006 жылды Қазақстан мен Ресей бірлесіп құрған болатын. Бұл банкке бұған дейін Армения, Беларусь және Тәжікстан республикалары да мүше боп кірген еді. Енді олардың қатарына бауырлас қырғыз елі қосылып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін