Еуразия Ұлттық Университеті мен Румынияның Плоешть қалалық мұнай және газ университеттері арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразия Ұлттық Университеті мен Румынияның Плоешть қалалық мұнай және газ университеттері арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Еуразия Ұлттық Университеті мен Румынияның Плоешть қалалық мұнай және газ университеттері арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Жуырда ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев бастаған қазақстандық өкілдер мен Румыния мұнай және газ Университеті басшылығының кездесуінде Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті мен Румынияның Плоешть қалалық мұнай және газ университеттері арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Мамыр 2004
  • 444
Фото - Caravan.kz

Қол қойылған келісімге сәйкес, жоғары білім ошақтары түрлі салаларда, соның ішінде ғылымды дамыту, қашықтан оқыту, оқытушылық, магистрлер мен ғылым докторларын дайындау салаларында өзара ынтымақтастық орнатуды көздеп отыр.

Сондай-ақ, келісім бойынша бірлесе ғылыми зерттеулер жүргізу, ғалымдар, аспиранттар, білім жетілдірушілер мен студенттер алмасу, ғылыми мақалалар мен материалдарды өзара жолдау , оқыту-әдістемелік құралдар алмасу, кафедралар арасында өзара ынтымақтастық орнату жоспарланды.

Соңғы жаңалықтар